Хромтау ауданындағы шахтада жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Хромтау ауданында шахтада төрт жұмысшы опат болды.

30 желтоқсан күні сағат 21: 21-де Хромтау аудандық өрт сөндіру бөлімінің пультіне Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС-нің "Весенняя Аралчинская" шахтасында жарылыс жұмыстары жүргізілгені, сол кезде төрт жұмысшының қаза болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнын барлау кезінде 4 жұмысшының қаза тапқаны және бір адамның зардап шеккені анықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккен жұмысшыны медицина қызметкерлері тексеріп жатыр. Оқиғаның себебі анықталуда. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары С.Бекбергенов және ТЖД қызметкерлері шықты, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы