Храпуновтың иелігіндегі жедел жәрдем кешені мемлекетке қайтарылды

Алматы қаласының прокуратурасы Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов шығарған жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылы 15 ақпанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 27 қарашада "мүліктік жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін жеке меншікке шығару туралы шешімді жарамсыз деп тану" туралы шешімі заңды күшіне енді.

 Сотта Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ауданы 3800 м2 және 50 сотық жер (Райымбек даңғылы, 196) ғимаратты жеке құрылымдарға шығару туралы шешімінің заңсыздығы расталды. Нәтижесінде қадағалау органының шараларымен қаланың денсаулық сақтау саласындағы мүліктік кешеннің бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды, - делінген Алматы қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы