ХҚКО-лардағы ұзын-сонар кезек мәселесі шешіледі - Бағдат Мусин
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің жеке Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге Қарағандыдағы жаңартылған цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына бардым.
Халыққа қызмет көрсету орталығын жаңғырту барысында заманауи smart-тәсіл қолданылған, яғни қызмет көрсету процестері кезінде азаматтардың ыңғайлылығы үшін мұнда барлық жағдай жасалғанын атап өткім келеді. Осылайша, халыққа қызмет көрсету орталықтарының ескі кеңселері біртіндеп жаңалармен алмастырылуда.Біз адамдардың қызмет алуына барынша аз уақыт кетуі үшін барлығын жасауға тырысамыз, - деді ведомство басшысы.
Айтуынша, жаңартылған кеңсенің ішінде әлеуметтік қызметтер мен экспресс қызметтер алу бұрыштары, жайлылық аймағы, құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.
Мұның бәрі өндірістік процестерді жетілдіру мақсатында Кайдзен тұжырымдамасына негізделген.Фронт-офис ең қысқа мерзімде сапалы мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажетті жабдықтармен және цифрлық жүйелермен жабдықталған, - деді министр.
Кеңсеге күніне 600-ге жуық адам келеді деп жоспарлануда.
Алайда шешілуі тиіс бірқатар мәселелер бар екенін де атап өткім келеді. Елордадан біздің келетінімізді біліп дайындап қойған жаңартылған халыққа қызмет көрсету орталығын аралағаннан кейін, өзімнің әдеттегідей тәжірибем бойынша ешкімге ескертусіз Мұқанов көшесінде орналасқан Қарағандының ескі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына соқтым. Мұнда барған кезімде мен практикалық емтихан тапсыруды күтіп отырған адамдардың ұзын-сонар кезегіне куәсі болдым,- деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, электрондық кезек жүйесі жұмыс істемейді, күтушілер үшін ешқандай жағдай қарастырылмаған, әрине осындай жағдайлар адамдардың шағым білдіруіне әкелетіні жасырын емес.
Мәселені сол жерде шешуге тура келді, біріншіден, жедел түрде электрондық кезекті енгізу, екіншіден, адамдар күні бойы күтіп тұрмауы үшін, бірақ алдын ала жазылып, белгіленген сағатта келуі үшін онлайн-жазылуды ұйымдастыру туралы тапсырма бердім. Жалпы, мамандандырылған ХҚКО-лардағы ұзын-сонар кезек мәселесін басты назарға алдық, мұндағы автодромдардың енді сенбі күндері де жұмыс істеуі мәселесін қарастырамыз, - деді министр.
Сондай-ақ ол ХҚКО мен автодром арасында шешілуі тиіс тағы бірнеше интеграциялық мәселелерді анықтаған.
Осындай орталықтарға жоспарламай баруды бұрыннан іске асырып келем. Бұл нақты проблемаларды көруге және нәтижесінде цифрландыру процестерін жетілдіру бойынша тиімді жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді, - дейді Мусин.