ХҚКО алдындағы ұзан-сонар кезектің себебі айтылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы Дәулет Бекманов ХҚО-дағы ұзын сонар кезектің себебін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ЖСН алуға ұзын-сонар кезек болып жатыр? Бұл қандай мүмкіндік береді? Ол неше рет беріледі , - деген сұрақ қойылды спикерлерге.

Кезекте тұрған сансыз азаматтарды көрген шығарсыздар. Басқа елдің азаматтарына ЖСН екі жағдайда беріледі. Біріншіден, олар ҚР азаматтары емес болғандықтан банктен шот ашуы керек. Өйткені ол күнделікті жүріс-тұрысына, қарапайым дүкендерден зат сатып алуға қажет болады. Екіншіден,  біз ЖСН-ды тек  бір рет береміз. Олар біздің еліміздің құқықтық аясында болуы үшін әкімшілік жауапкершілікті тарту үшін де ЖСН қажет,  - деді Дәулет Бекманов орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов ХҚКО-ларға жүктеменің артқанын айтты.

Көріп отырғандарыңыздай, қазіргі уақытта ЖСН алу үшін келген ресейліктердің басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларында және шекаралас аймақтарда көптеп байқалады. Кеше ғана еліміз бойынша 13 мыңнан астам өтінім қабылданды. Осыған дейін шамамен мұндай көрсеткіштегі өтінімді бір ай бойы қабылдайтынбыз, - деді вице-министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы