Хорватиядағы орман өрті қалаға қауіп төндіріп тұр
Хорватиядағы орман өрті Водице қаласына қауіп төндіруде. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндірушілермен қатар сарбаздар және арнайы ұшақтар тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Хабар 24» жазды.
Бірақ күшті жел кедергі келтіруде. От қазірдің өзінде 20 үй мен 400 гектар жасыл желекті жалмап үлгерген. Полиция Шибеник қаласына апаратын күре жолды жауып тастады.
Мамандар аймақта оттың тұтануына климат өзгерісі тудырған құрғақшылық себеп дейді. Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпанда жасаған есебі бойынша алдағы 28 жылда орман өрті 30 процентке ұлғаюы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында көлік апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы