Хорватияда екі пойыз соқтығысты

Хорватияда жолаушылар және жүк тасымалдайтын екі пойыз соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Euronews таратқан мәліметтерге сәйкес, апаттан кем дегенде үш адам қаза болып, 11 адам дене жарақаттарын алған. 

Новск қаласына жақын маңда орын алған қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатыр. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

Зардап шеккендердің арасында – сегіз шетел азаматы бар. Оның ішінде, Ираннан заңсыз келген мигранттар болуы мүмкін. Олар ауруханаға жатқызылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы