Хорватия еуро валютасына көшіп жатыр

Хорватия 2023 жылды жаңа валютамен қарсы алады. Бұл ел 1 қаңтардан бастап еуроға өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

Бірыңғай еуропалық валютаға кезең-кезеңімен, бірақ жылдам өту аясында банкоматтардың жартысынан астамы өшірілді. Бұл, банкоматтарды жаңа валютамен толықтыру үшін жасалды.

Хорватиялық куна мен еуро тек 14 күн бойы ғана қолма-қол төлем жасау үшін тең қолданылады.

«Қолдарыңызда қолма-қол ақша болғаны дұрыс, себебі демалыс күндері банк жүйесі өтпелі жағдайда болады. Карта да, интернет-банкинг те жұмыс істемейді. 2 қаңтарда бәрі бұрынғыдай дұрыс жұмыс жасауы тиіс», - деді Хорватия ұлттық банкінің төрағасы Борис Вуйчич.

2023 жылдың 1 қаңтарынан Хорватия ресми түрде Шенген аймағына қосылады. Адамдар ЕО көрші елдері арасында төлқұжат бақылауынсыз шекараны кесіп өте алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы