HONOR X8b - Анама арналған үздік сыйлық

Жақында анамның туған күні өтті. Әрине жыл сайын түрлі бұйымдар мен ерекше сыйлық сыйлауға ұмтыламыз. 

Дегенмен, осы жолы әдеттегідей ыдыс, әшекей немесе тон бергеннен гөрі, әркез бізді еске салып, байланыстыра алатын сый ұсынуды ойладық. Көптеген техникалық бұйымды қарап, салыстырып, ұялы телефон біз іздеген бұйым деп тоқталдық.

Ал таңдауымыз жаңа, сәнді, жеңіл әрі сапалы HONOR X8b смартфонына түсті. Өйткені оның экраны үлкен – 6,7 дюйм. Әрі арнайы мүмкіндіктер баптауында шрифтер мен бағдарлама белгілерін үлкейтіп, телефонды көзілдіріксіз қолданады. AMOLED экран визуалды бейнелерді одан әрі айқын, ашық, реңкті әрі жарқын ете түседі. Сондықтан менің анам кез келген жерде сүйікті сериалдарын үлкен экраннан, қанық түстерде көре алады.

Біз әркез отбасымызбен бас қосқанда, керемет сәттерді жадымызда сақтап, еске алу үшін суретке түскенді ұнатамыз. Сол себепті 108 мегапикселі бар негізгі камерасы, мен 2 мегапиксельді макрокамерасы суретті анық ете түседі. Ал алдыңғы жағында селфи жасауда келбетімізді көркейте түсетін, 50 мегапиксельді камерасы мен қараңғыда бейнемізді айқын ететін жарықтандыру жүйесі бар. Кейде анам әлеуметтік желідегі парақшасына түрлі фото мен видеоларды жүктейді. Тіпті ортақ чаттарымызға өзінің істеген жұмыстарын жіберіп отырады. HONOR X8b смартфонын алған соң, түрлі бейнелерді жүктеу тіпті жеңілдей түсті. Себебі, телефонның камера баптауында кәсіби түсірілім, суретке арнайы стикерлермен түсу, макро-микро түсірілім, алыстан 0,6 қашықтықтан түсіру, құжаттарды камера арқылы сканерлеу, бейнематериалды монтаждауға уақыт құртпайтындай видеоны дайын шаблонмен түсіру де қарастырылған. Әлбетте, монтаждауды қиын санайтын анам үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Монтаж демекші галереяда да арнайы «жасау» бөлімі бар. Мұнда фотолардан коллаж, сторис, видеоны кәсіби деңгейде монтаждау қосымшасы бар. Сондықтан өзге бағдарламаларды көшіруге уақыт құртпайды. Қимылдап түсіру кезінде камера жылдамдыққа сәйкес фокусты тез тауып, анық фото түсіреді. Жыбырлап, бір орнында тұрмайтын немерелерінің суреттерін де анам керемет түсіретін болды. Әдетте анам балаларына арнап тәтті бәліштер мен бауырсақ пісіреді. Өзі жаңа телефонына түсіріп, туысқандар тобына жіберіпті. Ммм, суретінен-ақ тәбетің ашылады.

Айтпақшы, суретті байқамай өшіріп алса да уайымдамайтын болды. Себебі бір сурет жоғалып кетсе, анам бәрімізді жинап «енді қайттім, тауып беріңдерші» деп түсінбейтін. Жаңа телефонда өшірілген суреттер 10 күн бойы сақталып, қайта қалпына келтіру мүмкіндігіне ие. Бұл баптау да бізді артық уайымнан арылтты.

Қуантарлығы, сөмкенің жеңілін таңдап, ішіне мейлінше аз зат салуды ұнататын анам үшін HONOR X8b смартфонының салмағы талғамына сай келді. Өйткені жаңа телефонның салмағы бар-жоғы 166 грамм. Осыншама керемет мүмкіндіктерді қамтыған ұялы байланыс құралының жеңіл болуы үздік комбо деуге болады.

Анам әлеуметтік желі парақшаларынан жаңалықтар қарап, ас дайындаған кезде ән тыңдап немесе сүйікті фильмдерін қосқанды ұнатады. Сондықтан аккумулятор сыйымдылығы жоғары болғаны маңызды. Біз сыйлаған жаңа смартфонда 4500 миллиамперлік аккумулятор орналасқан. Ол құрылғыны HONOR SuperCharge 35 Вт арқылы жылдам қуаттап, бірқалыпты, үзіліссіз жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Мысалы, ол 100% қуатпен 46 сағатқа дейін музыка тыңдап, 13 сағат түрлі бейнелерді тамашалап, 17 сағат әлеуметтік желіні пайланада алады. Енді анам дүкен аралап, сыртқа кеткенде телефон қуаты жеткіліксіз немесе шыдамай сөніп қалуы мүмкін деп уайымдамаймыз. Біз әркез байланыстамыз.

Сонымен қатар смартфон Android 13 негізіндегі ең соңғы MagicOS 7.2 жүйесін енгізген. Бұл дегеніміз бір уақытта бірнеше терезені тез ауыстыруға, қажетті баптаудың қолжетімді тұсқа орналасып, арнайы жеке ұсыныстар мен мүмкіндіктердің болуы. Бұл смартфонды атына заты сай етіп, ақылды ете түседі.

Телефон таңдарда жеке ерекшеліктерінен бұрын, сыртқы келбетіне, дизайнына ерекше мән беретініміз рас. Анамның 55 жас мерейтойына арналған сый болғандықтан, оның өзгелерден әдемі, нәзік болғаны маңызды еді. Сондықтан HONOR X8b телефоны ұсынған үш түстің арасында таңдау жасадық. Біріншісі, ерекше талғампаз, сән мен сапаны ұнататындарға арналған артқы жағы қою жасыл түсті былғарымен қапталған үлгісі. Екіншісі сәнді әрі сүйкімді, бағалы көрінетін титан күміс түстес. Ерекшелігі, телефонды қозғалтқан кезде, оның артқы жағындағы металл су астындағы інжу секілді өзгереді. Бұдан бөлек қою қара түсі де ұсынылған. Жады да 128 гигобайттан 512-ге дейін. Анам үшін тиімдісі 256ГБ болды. Бір қызығы осыншама көптеген тамаша мүмкіндікке ие телефонды біз 149 990 теңгеге алдық.

Жаңа телефон қорабында қуаттағышы, құлаққабы мен түссіз өте жақсы сападағы телефон қабы да бар. Қорғанысты қамтамасыз етіп, бірден түссіз гельді қаптағышпен қаптап алдық. Қолжетімді бағасы, керемет сапасы мен үйлесімді сәні анамызға қуаныш сыйлады. Енді анам да, біз де ризамыз. HONOR X8b жақыныңа арналған ең жақсы сыйлық!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы