Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты кейінге қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канада хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатын кейінге қалдырды. АҚШ, Чехия және Ресей құрамаларының ойыншыларында covid-19 жұқтыру деректері анықталды. 

Осыған байланысты үш матч та тоқтатылды. Турнирді жалғастыру мәселесі туралы айтылған жиналыстан кейін медициналық сарапшылар тобының ұсынысы бойынша билік чемпионатты мерзімінен бұрын жауып тастады. 

IIHF кеңесі бұл шешімді барлық қатысушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін COVID-19 ауруы мен коронавирустың "омикрон" нұсқасының үздіксіз таралуына байланысты қабылдады, - делінген ұйым хабарламасында. 

1977 жылдан бері өткізіліп келе жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты өз тарихында алғаш рет мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл турнир 2022 жылдың 05 қаңтарында аяқталады деп жоспарланған болатын. РФ Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар жөніндегі штаттан тыс бас маманы профессор Владимир Чуланов азаматтарға жаңа жылдық мерекелерде шетелге барудан бас тартуды ұсынды. 

Әлемнің әртүрлі елдерінде жаңа “омикрон” штамының белсенді таралуына байланысты мерекелерге шетелдік сапарларды жоспарламаған жөн, егер жоспарланған болса, онда алдын - ала вирусқа қарсы екпе жасату керек және саяхат кезінде алдын-алу шараларын мұқият сақтау қадет, - деп кеңес берді профессор. 

Инфекционист COVID-19 әсерінен қорғаудың ең тиімді әдісі вакцинация екенін атап өтті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы