Хоккейден Қазақстан командасы қатысатын әлем чемпионаты өткізілмейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық хоккей федерациясы қаңтар айындағы барлық жарыстарды өткізбейтін болды. 

Олардың қатарында Қазақстан әйелдер командасы да қатысатын турнир бар деп хабарлайды Olympic.kz. 

Халықаралық ұйымның медициналық комитеті 2022 жылдың қаңтарына жоспарланған барлық бәсекені өткізбеу туралы ұсыныс айтқан.

Олардың қатарында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты да бар. Аталған сынға Қазақстан командасы қатыспақ болғанын хабарлаймыз. 

Әйелдер бәсекесінен бөлек, екінші, үшінші дивизиондағы жастар арасындағы әлем біріншілігі де кейінге қалды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы