Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады

8 сәуірде Виктория Сазонова бастаған команда Астанада алғашқы оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сәуірдің 17-сі мен 23-і аралығында Кореяның Сувон қаласында шайбалы хоккейден 1 В дивизионындағы әйелдер құрамалары арасында әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы Польша, Италия, Корея, Ұлыбритания және Словения құрамаларымен А тобына жолдама алу үшін сынға түседі.

8 сәуірде Виктория Сазонова бастаған команда Астанада алғашқы оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. 12 сәуірде Кореяға жол тартса, 15-інде Ұлыбритания құрамасымен сынақ матчын өткізеді. 17 сәуірде Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионатын Ұлыбританияға қарсы ойынмен ашады.

Астана уақыты бойынша әлем чемпионатының матчтарының кестесі:

17.04, 09:15 - Ұлыбритания - Қазақстан

18.04, 09:15 – Қазақстан – Словения

20.04, 12:45 - Италия - Қазақстан

22.04, 16:15 - Қазақстан - Польша

23.04, 12:45 – Қазақстан – Корея

Турнирде бірінші орын алған командаға А тобына жолдама беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы