3 Маусым 2021 2021, 15:54
Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Калгариде өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионаты Канаданың Калгари қаласында өтеді. Бұл туралы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионаты Канаданың Калгари қаласында өтеді. Бұл туралы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz.
Турнир 21-30 тамыз аралығында өтеді. Барлық команда Калгариге 10 тамызда барып, карантинге жіберіледі.
Айта кетелік, хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты былтыр өтуі тиіс болатын. Алайда коронавирусты инфекцияға байланысты бәсеке кейінге қалдырылды.