29 Сәуір 2024 2024, 23:54
Фото: olympic.kz
Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандықтар Чехия құрамасына қарсы ойнайп, овертаймда 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Келесі ойынды Қазақстан құрамасы 30 сәуір күні Канадаға қарсы өткізеді.
Айта кетелік, өз тобында соңғы орын алған командалар элитадағы орнын сақтау үшін өзара ойнайды.