Хоккейден әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасының бапкері дайындық туралы айтты


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Хоккейден Қазақстан  құрамасы әлем чемпионатына дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Екінші кезең Ригада өтіп, команда Латвия құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді.

Құраманың бапкері Юрий Михайлис ойыншылардың дайындығы туралы айтты.

Бірінші кезең аяқталуға жақын. Ертең оқуымыздың соңғы күні. Ойыншылардың жағдайы қанағаттанарлық, өйткені олар  ұлттық құрамаға баратынын  біледі. Негізінде барлығы дайын. Кейбір жігіт  жақында ғана чемпионаттарын аяқтады, мысалы, Евгений Рымаревтің   физикалық дайындығы жақсы,- деді ол.

Бапкер атағанлай, жігіттердің барлығы тырысып жатыр,  мүмкіндік бар.

Шутов болды, Бояркин жарақат алды. Дәрігерлер оған қарап шешімін айтады. Румянцев өте жақсы ойнайды және дайындығы да лайықты көрінеді. Өткен маусымда ол үздік қақпашы болды. Биыл ол жақсы нәтиже көрсетіп, қақпаға лайық деп отырмыз,- деді Михайлис.

Бапкер алғашқы үштік шабуылда кімдер  екенін жасырып қалды.

Әзірге айтпаймын, бұл құпия. Бұл көптеген команда  үшін тосын сый болады. Тізім ертең дайын болады.  А тобындағы ойынның жоспары- әр кездесуде жеңіске жет. Өткен әлем чемпионатының тәжірибесі үлкен рөл ойнады. Қатысқан ойыншыларымыз дайын, тіпті өткен жылғы нәтижені жақсартқысы келетіндерін сұхбатында да айтты-деді ол.

Айта кетейік, 2022 жылдың 13-29 мамыры аралығында Финляндияда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы А тобында Дания, Канада, Словакия, Швейцария, Германия, Италия және Франция құрамаларымен өнер көрсетеді. 3 мамырда команда Ригаға барып, 8 және 9 мамырда Латвия құрамасымен жолдастық кездесулер өткізеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы