23 Мамыр 2021 2021, 22:10
Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан командасы екінші матчта жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ригада (Латвия) хоккейден элиталы дивизиондағы әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстан командасы екінші матчта жеңіске жетті деп жазады Olympic.kz.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ригада (Латвия) хоккейден элиталы дивизиондағы әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстан командасы екінші матчта жеңіске жетті деп жазады Olympic.kz.
Юрий Михайлис шәкірттері қазіргі әлем чемпионы Финляндиямен кездескен болатын. Тартысты матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Овертаймда да таблодағы есеп өзгерген жоқ.
Буллиттер сериясында Қазақстан командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл Қазақстн командасының әлемдік сындағы екінші жеңісі. Бұған дейін біздің спортшылар Латвиядан басым түскен болатын.