14 Мамыр 2023 2023, 16:25 Фото: ҚХФ

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы бүгін Чехиямен кездеседі

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Чехиямен кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Чехиямен кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған ойын Астана уақытымен 23:20-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Құрамалар В тобында сынға түседі.

Қарсыластары - Канада, Словения, Чехия, Швейцария, Словакия, Латвия.

Еске салайық, алғашқы кездесуінде чехиялық құрама Словакияны 3:2 есебімен сүріндірсе, Қазақстан буллитте Норвегияны 4:3 есебімен жеңген болатын.