20 Тамыз 2023 2023, 22:41
Хоккей: Қазақстан құрамасының 2024 жылғы әлем чемпионатындағы ойын кестесі жарияланды
Ойын кестесі Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ойын кестесі Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық хоккейшілер В тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары – Словакия, Франция, Латвия, Германия, Швеция, АҚШ және Польша.
Ел құрамасы 11 мамырда Франциямен кездессе, одан кейін 12 мамырда Словакия, 14 мамырда Латвия, 16 мамырда Швеция, 17 мамырда Германиямен шеберлік байқасады.
Ал 19 мамырда АҚШ-пен кездессе, 21 мамырда Польшамен ойнайды.
Аталған топтағы ойындар Острава қаласында өткізіледі.
Ал А тобындағы Финляндия, Канада, Швейцария, Чехия, Дания, Норвегия, Австрия және Ұлыбритания құрамалары Прага қаласында шеберлік байқасады.