Хоккей: Қазақстан құрамасы Словакияға есе жіберді

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының екінші матчында Словакиямен ойнады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғалым Мәмбеталиев айдынға мына құрамды шығарды: Шутов (Бояркин) — Метальников-Бреус, Старченко-Шестаков-Рымарев; Орехов-Данияр См., Михайлис-Өмірбеков-Савицкий; Диқанбек-Бекетаев, Панюков-Мұхаметов-Мұратов; Королёв-Гайтамиров, Бойко-Рахманов-Әсетов.

Алғашқы кезең толықтпй словактардың пайдасына шешілді - 3:0, ал екінші кезеңнің басында Әлихан Әсетов есепті қысқартып еді, алайда қарсылас тағы бір шайба соқты. Осыдан соң командалар арасында текетірес болып, құрамалар үзіліске кетті.

Қорытынды кезеңде Словакия тағы екі гол соқты. Көп ұзамай Әлихан Өмірбеков құраманың екінші голын салды — 6:2.

Осылайша, алғашқы ойында Францияны ұтқан Қазақстан бұл жолы жеңіліс тапты.

Енді құрама 14 мамыр күні Латвиямен ойнайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: icehockey.kz
Өзгелердің жаңалығы