Хоккей: Қазақстан құрамасы Кореяны 8:2 есебімен ұтты

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен екінші жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында ел құрамасы сапынан екінші кезеңде үш шайба соғылды. Оны Әлихан Өмірбеков 23, Максим Мухаметов 26, Әділ Бекетаев 36-минутта өзінің еншісіне жазды. Оған корейлік Мин Хван Кан 31-минутта бір голмен жауап қайырды.

Үшінші кезеңде қазақстандық Данил Бутенко 42, Михаил Рахманов 48, Роман Старченко 57, Никита Михайлис 58-минуттарда гол соқса, Әлихан Өмірбеков 59-минутта кездесудегі екінші шайбаның авторы атанды. Корейлік хоккейші Ки Сон Ким 56-минутта есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 8:2 есебімен басым түсті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: shaiba.kz
Өзгелердің жаңалығы