Хоккей: Қазақстан командасы Олимпиадаға іріктеу сынын жолдамасыз аяқтады

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Братиславада (Словакия) өткен Олимпиадаға іріктеу турнирін аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Топтағы шешуші матчта Қазақстан құрамасы Словакияға қарсы ойнды. Екі команда да D тобында алты ұпайдан жинап, Венгрия мен Австриядан басым түскен болатын.

Олимпиада жолдамасы топта жеңіске жеткен командаға ғана беріледі. Бұл кездесуде 3:1 есебімен Словакия құрамасы жеңіске жетті.

Қазақстан сапынан жалғыз шайбаны Никита Михайлис соқты.

Осылайша, Олимпиада ойындарына Словакия жолдама алды.

Айта кетелік, аталған турнирде Қазақстан Венгрияны 5:2, Австрияны 2:1 есебімен ұтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы