Хоккей: Қазақстан әлем чемпионатында өз тобында бірінші орынға көтерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шайбалы хоккейден Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан В тобындағы алтыншы ойынын Италиямен өткізіп, ірі есеппен жеңіске жетті.
Бұл матчта Юрий Михайлис шәкірттері қарсылас қақпасына 11 шайба соқты. Қазақстан сапынан Роман Старченко (3 және 57-минуттарда), Егор Петухов (33-минутта), Евгений Рымарев (35-минутта), Никита Михайлис (42-минутта), Кертис Волк (47-минутта), Артем Лихотников (48 және 50-минутта), Кирилл Панюков (55-минутта), Виктор Сведберг (58-минутта) және Егор Шалапов (60-минутта) мергендігімен көзге түсті.
Ал Италия сапынан Анджело Мичели (25-минутта), Петер Хохкофлер (42-минутта) және Алекс Петан (51-минутта) Никита Боряркин қақпасын дәл көздеді. Қорытынды есеп – 11:3.
Осылайша, Қазақстан 6 матчта 10 ұпай жинап, бірінші орынға көтерілді. Одан кейін Финляндия – 10 (4 матч), Германия – 9 (4 матч), АҚШ – 9 (4 матч), Латвия – 8 (5 матч), Канада – 6 (5 матч), Норвегия – 5 (5 матч), Италия – 0 (5 матч) орналасқан.
Қазақстан өз тобындағы соңғы ойында 31 мамырда Норвегиямен өткізеді. Плей-оффқа әр топтың үздік 4 командасы жолдама алады.
Италия – Қазақстан – 3:11 (0:1, 1:2, 2:8)
0:1 – Старченко (Волк, Михайлис) – 02:12
1:1 – Мичели (Петан, Франк) – 24:37
1:2 – Петухов (Асетов, Степаненко) – 32:31
1:3 – Рымарев (Шин, Блэкер) – 34:59
1:4 – Михайлис (Старченко, Волк) – 41:31
2:4 – Хоккофлер (Гандер) – 41:43
2:5 – Волк (Старченко) – 46:12
2:6 – Лихотников – 47:01
2:7 – Лихотников (Маклюков, Шалапов) – 49:46
3:7 – Петан – 50:59
3:8 – Панюков (Диц, Старченко) – 54:38
3:9 – Старченко (Волк) – 56:07
3:10 – Сведберг (Шестаков, Сагадеев) – 57:44
3:11 – Шалапов (Асетов, Лихотников) – 59:52.