ХОК президенті Томас Бах Хиросима қаласына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ол өз сапары барысында барлық әлемді бейбіт болашақ үшін бірігуге шақырды, деп жазды Olympic.kz. 


Мен бүгін Хиросиманың барлық тұрғындарына құрмет көрсету үшін осында келдім. Біздің Олимпиадалық қозғалыстағы миссиямды көрсету үшін осы жерде тұрмын. Жеті күннен соң 205 ұлттық олимпиадалық комитеттерден жиналған атлеттер мен босқындардан құралған ХОК командасы Токио мен жалпы Жапониядан барлық әлемге үн қатады. Бізге ынтымақтастық керек. Ынтымақсыз өмір сұру мүмкін емес. Осылайша, Токио-2020 олимпиадалық және паралимпиадалық ойындары бейбіт және жарқын болашақ үшін бастама көтереді, - деді Бах өз сөзінде. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы