ХҚК қызметкерлеріне жаңа артықшылықтар берілетін заң жобасы қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қазақстанда Халықаралық қаржы корпорациясының офистерін құру және олардың қызметкерлеріне артықшылықтар беруді көздейтін келісім ратификацияланды.
Келісім 2020 жылы 28 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында жасалды.
Келісім Халықаралық қаржы корпорациясының офисі қызметінің негізгі ережелерін, сондай-ақ, қызметкерлер үшін артықшылықтар мен иммунитеттерді белгілейді. Халықаралық қаржы корпорациясы 1956 жылы құрылып, халықаралық даму институты саналады. Оның негізгі қызметі жеке сектордың дамуына жәрдемдесуге бағытталған. Халықаралық қаржы корпорациясы Дүниежүзілік банк тобының құрамына кіреді, - деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.
Оның айтуынша, Халықаралық қаржы корпорациясының офистері 104 елде бар. Сонымен бірге, корпорация өңірлік офистері әлемнің тек 13 қаласында, оның ішінде Алматыда орналасқан.
Халықаралық қаржы корпорациясы офистері орналасқан барлық мемлекетпен офистердің қызметі туралы ұқсас келісімдер жасады. Ол Қазақстанда өз қызметін 1994 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Осы кезеңнен бастап 1,6 миллиард доллар көлемінде жобалар қаржыландырылды. Бұл Орталық Азия елдеріне салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 70 пайызын құрады. Аталған келісім Халықаралық қаржы корпорациясының қазақстандық офисінің орнықты жұмыс істеуіне және жаңа инвестициялар тартуға ықпал етеді, - дейді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы