Хирургтар жас қызға сколиоздың ауыр түрінен құтылуға көмектесті

Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында хирургтар жас пациент Наргизға ауыр сколиоз бойынша түзету операциясын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орталық мамандары омыртқа патологиясын түзету бойынша алғашқы сәтті операцияны 2013 жылы жасаған болатын.

Біз Наргизға денсаулығын қалпына келтіруге көмектесе алғанымызға қуаныштымыз, операция сәтті өтті, енді қыз бала ұзақ жылдар бойы оны мазалаған ауырсынудан құтылып, ұзақ өмір сүреді, — деп түсіндірді емдеуші дәрігер Максим Николаевич Орловский.

МӘМС жүйесінің арқасында мұндай күрделі хирургиялық араласулар қолжетімді болды. Наргиз әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасына қатысудың арқасында құны шамамен 2,5 млн теңгені құрайтын операциядан өте алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы