Хайп үшін автобус төбесіне мініп алған азамат жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны автобус төбесіне мініп жүргені үшін жауапқа тартылды, деп жазды polisia.kz.
Оның автобус төбесіне жайғасқан видеосы pavlo.detka Instagram парақшасында жарияланған болатын.
Соның негізінде полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді.
Кеше түскі сағат бір кезінде Ақсу қаласының Астана көшесіндегі аялдамалардың бірінде жас жігіт автобус төбесіне қарғып мініп, бірнеше аялдаманы төбеде отырып, жүріп өткен. Оның 18 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны екені анықталды. Автобус төбесінде отырған ол бейәдеп сөздер де айтқан. Азамат әкімшілік кодекстің 434-бабы бойынша жауапқа тартылды, - деді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің басшысы Арман Рахметов.
Мәлім болғандай, жігіт бұл әрәкетке әлеуметтік желідегі хайп үшін барған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Словакияда «Спутник V» вакцинасына сұраныс өте төмен
Өзгелердің жаңалығы