24 Тамыз 2025 2025, 18:51
Фото: pixabay.com
Хайнаньда тропикалық дауылға байланысты жаппай эвакуация басталды
Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань аралына "Кадзики" тропикалық дауылы жақындап қалды. Билік 20 мыңнан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Xinhua-ға сілтеме жасап.
Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань аралына "Кадзики" тропикалық дауылы жақындап қалды. Билік 20 мыңнан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Xinhua-ға сілтеме жасап.
Қауіпсіздік мақсатында аралдағы мекемелер уақытша жабылып, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды.
30 мыңнан астам балық аулау кемесі портқа қайтып оралды, ал 2,8 мыңнан астам құтқарушы жедел көмек көрсетуге дайын тұр, – деп жазады агенттік.
Таңертең дауылдың жылдамдығы секундына 38 метрге жеткен. Циклон Саньи қаласынан шамамен 210 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан. Синоптиктердің болжамынша, дауыл жексенбі күні күндіз немесе кешке Хайнань аралына жетуі ықтимал.