7 Ақпан 2025 2025, 17:11

Харбин 2025: IX Қысқы Азия ойындары салтанатты түрде ашылды

Қытайдағы сары құрлық бәсекесі Харбин және Ябули қаласында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Қытайдағы сары құрлық бәсекесі Харбин және Ябули қаласында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

IX Қысқы Азия ойындарына 34 елдің 1200-ден астам атлеті қатысады. Қазақстан сапынан 137 спортшы, спорттың 6 түрінен 10 дисциплина бойынша бақ сынайды.

Ақ Азиаданың ашылу салтанатындағы "Мемлекеттер шеруінде" Қазақстанның көк байрағын шайбалы хоккейден ұлттық құрама мүшесі Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шығады.

Фото: Туризм және спорт министрлігі