Ханчжоуда IV Азия Пара ойындары өтеді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына спортшыларамыз 14 спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

22-28 қазан аралығында Ханчжоуда өтетін IV Азия Пара ойындарында 564 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстандық спортшылар 14 спорт түрінен қатысады. Атап айтқанда, дзюдо, жүзу, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, үстел теннисі, отырып ойнау волейболы, садақ ату, тхэквондо, оқ ату, шахмат, бочча, каноэ, велоспорт және академиялық есу, - деді Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

Азия пара ойындарына 131 спортшы барады. 

Айта кетейік, ойындар 2010 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы