Ханбок, лотос шайы: Дипломаттар корей мәдениетімен тереңірек танысты

Биыл Қазақстан мен Корея Республикасы мәдени алмасу жылын атап өтіп жатыр. Осы мақсатта Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығында ел Үкіметінің және шет елдердің дипломатиялық топтарының өкілдерінің қатысуымен мәдени іс-шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бағдарламаға қатысқан 40-қа жуық адам корей дәстүрлі костюмі – «ханбокты» киіп, дәстүрлі ойындар ойнады. Сонымен қатар лотос шайының дәмін татып, «кимпаб» орамдарын дайындады. Осылайша қатысушылар Корей мәдениетімен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.

Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ку Хонг-Сок мырза іс-шараға қатысушыларды құттықтады.

Мен бүгін Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығына келген ҚР Үкіметі мен дипломатиялық корпустың барлық өкілін шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан астанасында орналасқан бұл мәдени мекеме Орталық Азияның бес еліндегі жалғыз орталық саналады, - деді дипломат.

Көпжақты дипломатиямен қатар мәдени дипломатияның маңызы артып келе жатқан әлемдегі тез өзгеретін жағдайда әртүрлі корей мазмұнының жаһандық таралуы байқалады. «Мәдени қызықты ел» ұранымен Корея Республикасының мәдениет, спорт және туризм министрлігі K-Culture арқылы «Кореямен және Корей мәдениетімен танысу» бағдарламасын дамытумен айналысады. Атап айтқанда, 2023 жылы Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени алмасу жылы жалғасып жатқандықтан, Корей мәдени орталығы дәстүрлер мен қазіргі заманды біріктіретін түрлі корей мәдени іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр.

Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан Корей мәдениетіне қызығушылық соңғы уақытта артып келе жатқанын айтты.

Соңғы уақытта корей контентінің танымал болуына байланысты Қазақстанда Корея мен корей мәдениетіне деген қызығушылық K-Pop музыкасына деген қызығушылықтан асып түсті. Мысалы, корей сериалдары мен фильмдері, классикалық және бейнелеу өнері K-Arts, сондай-ақ корей мәдениетінің басқа аспектілері аясында тарала бастады. Осыған орай, биыл Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы Мәдени алмасу жылын атап өту аясында біз Қазақстандағы сұраныс пен жағдайды ескере отырып, түрлі корей мәдени іс-шараларды насихаттауды жоспарлап отырмыз, - деп айтты орталық директоры.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Корей мәдени орталығы
Өзгелердің жаңалығы