Бүгiн 2026, 02:12
Фото: AP Photo / Office of the Iranian Supreme Leader
Иран көшбасшысы Хаменеидің қайтыс болғаны рас па?
Аятолла Али Хаменеи және ел президенті Масуд Пезешкиан тірі және қауіпсіз жерде.
Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Али Хаменеи және ел президенті Масуд Пезешкиан тірі және қауіпсіз жерде. Бұл туралы Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багай Sky News телеарнасына мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Олардың барлығы қауіпсіз және өздерін жақсы сезінеді, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Хаменейдің резиденциясына жасалған шабуылға сілтеме жасап, жоғарғы көшбасшы шабуыл кезінде қаза тапқан болуы мүмкін деген болжам жасаған болатын.