ХАМАС пен Израиль арасында тұтқын алмасу: 183 палестиналық босатылды

Қызыл крест ұйымы Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Офер түрмесінен палестиналық тұтқындарды алып, Рамалла қаласына бет алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu Ajansı агенттігіне сілтеме жасап.

Палестиналық тарап тұтқыннан босағандарды ерекше рухпен қарсы алды.

Иордан өзенінің батыс жағалауында басып алынған Рамалла қаласының тұрғындары төртінші раунд барысында босатылған тұтқындарды қарсы алуға жиналды.

Бостандыққа шыққан үш израильдық тұтқынның орнына қамаудағы 183 палестиналық қайтарылды.

ХАМАС-пен байланысты тұтқындардың істері бойынша медиа-қызмет таратқан хабарламада 1 ақпанда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген 18 палестиналық, сондай-ақ ұзақ мерзімге түрмеге қамалған 54 тұтқын, сондай-ақ 2023 жылы 7 қазаннан соң Газа секторында ұсталған 111 тұлғаның жіберілгені айтылған.

Босатылғандардың ішінен жеті адам Палестина шекарасынан тыс жөнелтіледі.

Тұтқындармен алмасудың алғашқы үш раунды аясында жалпы саны 400 палестиналық тұтқын, сондай-ақ 10 израильдық және Газа секторындағы 5 тұтқын босатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы