+8

ХАМАС Мысырдың атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдады

ХАМАС Мысырдың атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдады

ХАМАС мысырлық тараптың бес тұтқынды босату туралы ұсынысын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Кепілге алынғандардың қатарында америкалық-израильдық азамат Эдан Александр бар.

Каирдың ұсынысы бірнеше апта бұрын АҚШ-тың арнайы уәкілі Стив Уиткоффтың мәлімдемесіне ұқсайды. Алайда ол сондай-ақ қайтыс болған тұтқындардың денесін беруді қамти ма, жоқ па, белгісіз.

Дереккөз таратқан ақпаратқа сәйкес, ХАМАС бес тұтқынды босатса, орнына атысты тоқтатуды талап етеді.

Ал Израиль тарапы елдің премьер-министрінің кеңсесі жасаған мәлімдемеге сүйенсек, Тель-Авив Мысырдың ұсынысына ұсыныспен жауап берген.

Премьер-министр Биньямин Нетаньяху делдалдардан алған ұсынысты негізге алып, кеңес өткізді. Соңғы сағаттарда Израиль делдалдарға Құрама штаттармен толықтай үйлесімділік ұсынысын жеткізді, - делінген хабарламада.

Наурызда Израиль Газа секторына шабуылды қайта бастап, гуманитарлық көмекті толықтай бөгеген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Mohammed Salem/Reuters
Өзгелердің жаңалығы