ХАМАС израильдік тұтқындарды Қызыл Крест ұйымына тапсырды

ХАМАС израильдік тұтқындарды Қызыл Крест ұйымына тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Саудиялық Al Arabiya телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, ХАМАС үш израильдік үш тұтқынды Қызыл Крест өкілдеріне тапсырды. Одан соң оларды Нецарим дәлізі аумағында израильдік әскерилер қарсы алды.

Тұтқында болған Роми Гонен, Эмили Дамари мен Дорон Штейнбрехерді қарсы алуға Израильдің әскери тікұшақтары дайындалған. Әрі қарай оларды ауруханаға апарып, қажетті медициналық көмек көрсетіліп, отбасыларымен көптен күткен кездесулерін өткізеді.

Израиль билігі әзірге тұтқындардың табысталғаны туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы