19 Қараша 2026, 13:15
Фото: Ақорда
«Халықтық құрылыс» – мазмұны кең, мән-мағынасы терең нағыз халықтық жоба
Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» жоғары білім жүйесіне де зор жауапкершілік жүктейтінін айтты.
«Жалпы, ауқымды құрылыс жүргізу, цифрлық экономика құру, логистика инфрақұрылымын дамыту, жасанды интеллектіні барлық салаға енгізу – ұлтымыздың болашаққа ұмтылысын айқындайтын аса маңызды міндеттер. Бұл жұмыстың бәрін сапалы орындау үшін, ең алдымен, кәсіби даярлығы жоғары, білікті мамандар, тіпті, жаңа мамандық иелері қажет болады. Демек «Халықтық құрылыс» жоғары білім жүйесіне де зор жауапкершілік жүктейді. Ғылым саласы бұл ауқымды өзгерістерге толық дайын болуы керек деп санаймын. Сондықтан бүгінгі жиынның өте өзекті екені анық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.