Халықтың талап-тілегіне толық сай келеді – Қошанов қоғамдық бақылау заңы туралы

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жалпы отырыста қабылданған қоғамдық бақылау туралы заңға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл құжат Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленді. Талқылау кезінде Үкіметтен келген заң жобасы бірқатар өзгеріске ұшырады. Ең бастысы, халықтың талап-тілегіне толық сай келеді деп айта аламыз. Өңірлерде жұртшылықпен кездесуде айтылған ұсыныстың барлығы қамтылды. Атап айтқанда, тұрғындарды әскери борышын өтеп жүрген сарбаздардың қауіпсіздігі алаңдатып отыр. Экологиялық ахуал аймақтағы ағайынның басты назарында, - деді палата төрағасы.

Сондай-ақ мемлекеттік органдармен бірге квазимемлекеттік органдардың да қызметін қадағалауға мүмкіндік туып отыр.

Заң жобасына петициялар институты да енгізілді. Енді 50 мың азамат петицияға қол қойса, мемлекеттік органға мәселені қарау толығымен міндеттеледі, - деп айтты Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Еске сала кетейік, бүгін Мәжіліс «Қоғамдық бақылау» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы