"Халықтың табысы артады": Үкімет жаңа үшжылдық жоспарын ұсынды

Үкімет отырысында Премьер-министр Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы Президент тапсырмалары шеңберінде еліміздің алдағы үш жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттерін шешуге бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы еліміздің алдағы үш жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттерін шешуге бағытталған.

Халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру экономиканың сапалы әрі орнықты өсуі және инфляцияны төмендету есебінен қамтамасыз етіледі, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде елімізде тұрақты экономикалық өсім қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары – экономиканың жыл сайынғы өсімін кемінде 5%-ға және халықтың нақты табысын орта есеппен 2-3%-ға арттыру, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы