Халықтың мерзімі кешіктірілген несиесі 81,7 млрд теңгеге жеткен

Елімізде тұтынушылық несие саны күрт өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сенаттың жалпы отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова былтыр банктердегі тұтынушы несие портфелі 7,7 трлн теңгені құрағанын айтты. 

Осылайша, несие портфелі 25 пайызға ұлғайған. 

Тұтынушылық несие 451 млрд теңгені немесе тұтынушылық несиенің жалпы көлемінен 5,9 пайызды құрайды. Егер микроқаржы секторы туралы айтсақ, биыл 1 қаңтардағы тұтынушылық микронесие портфелі 1 трлн теңгеге тең болған. Оның ішінде мерзімі кешіктірілген несиелер 81,7 млрд теңгеге немесе 8,2 пайызға жеткен, - деді агенттік төрағасы. 

Айтуынша, былтырдан бері заңнамалық деңгейде проблемалық қарыздарды реттеу бойынша міндетті тәртіп бар. Оның үстіне, 2022 жылдан бері банктер жеке жоспар қабылдауды қолға алды. 

Барлық банк 2022-2023 жылдары 633 мың қарыз алушыны қамтуды жоспарлаған еді. Бүгінгі таңда 127 млрд теңге қарызы бар 267 мың қарыз алушының проблемалық несиесін реттеу бойынша іс-шаралар қабылданды, - деді Мәдина Әбілқасымова. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Егемен Қазақстан
Өзгелердің жаңалығы