Халықтың атаулы ақшалай табысы қанша

2022 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша айына орта есеппен 157 017 теңге, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 20,2% артық, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған кезеңдегі тұтыну бағаларының индексін (15%) ескерсек, нақты мәнде халықтың ақшалай табысы 4,5% артты.

2022 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс мөлшері бойынша ең жоғары мән Атырау облысында (315 448 теңге), ең төменгі мән Түркістан облысында (82 900 теңге) байқалды.

Айта кетейік, халықтың атаулы ақшалай табысы – бұл халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинауға бағытталған ақшалай қаражаты. Оның шамасы макродеңгейде есептеу әдісімен анықталады және бағалау бойынша халықтың жалдамалы жұмыс пен өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен ақшалай табысын (жалақының жасыру мен статистикалық есептілікпен қамтуға келмейтін жұмыс істейтін халықтың санына санап шығумен) және әлеуметтік трансферттерді қамтиды.

Жан басына шаққандағы орташа табыс жалпы табыс сомасын тұрақты халық санына бөлу арқылы есептеледі.

Нақты ақшалай табыс – бұл инфляция деңгейін ескере отырып есептелген номиналды ақшалай табыс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы