Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына медиаторлар қызметін ұсыну мүмкіндігі бар

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сот процесінде «іс бойынша объективті шындық» орнап, әділ шешім шығарылатынына кепілдік беруге қатысты тағы бір ұсыныс бар. Құқық нормалары әрқашан ықтимал жағдайлар мен өмірлік жайттардың алуан түрлілігін есепке ала бере алмайды. Жұмыс тобы азаматтық сот өндірісі қағидаттарының тізбесіне «әділдік қағидатын» енгізуді ұсынды. Судья шешім шығарған кезде соған сүйенетін болады. Әрине, бұл орайда шешім заңға негізделеді және оның шегінен шықпайды, - деп атап өтті Сенат спикері «Сот жүйесін реформалауды заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында.   

Сондай-ақ жұмыс тобы адвокаттар мен заңды консультанттарды есепке алғанда, соттың істі қарауының барлық қатысушыларының процессуалдық мәртебесін нақтылауды ұсынғаны белгілі болжы. 

Ұсыныстардың маңызды блогы халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға қатысты. Атап айтқанда, мемлекет тарапынан азаматтардың ондай тобына медиаторлар қызметін ұсыну кепілдігі мүмкіндігін қарастыруға қатысты. Осылайша, осы және өзге де шаралар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сенаттағы жұмыс тобы әзірлеген ұсыныстар пакетінің негізіне алынды. Олардың негізінде бірқатар заң жобалары әзіренді. Оның қатарында «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң  мен процессуалдық заңнаманы, адвокаттық қызметті жетілдіру мен заң көмегін, соттан тыс және сотқа дейінгі дауларды шешуге заңдық көмек көрсету мәселелері бойынша заңдар бар. Депутаттық бастамамен осы түзетулерді іске асыру жоспарланып отыр, - деді Мәулен Әшімбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы