Халықтың әл-ауқатын арттыру маңызды. Тоқаев Үкімет пен Бозымбаевқа тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысын дамыту бойынша Үкіметке тапсырма берді.
Үкіметтің кеңейтілген отырысын облыс әкімі Қанат Бозымбаев облыста атқарылатын жұмыстар туралы баяндап берді.
Ғимараттарды қалпына келтіру және кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін барлық шараны қабылдаймыз. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін алдымызға қойылған нақты міндеттерді орындаймыз, - деп айтты өңір басшысы.
Өз кезегінде Президент әріптестеріне тапсырма берді.
Облыс әкімі көтерген мәселелер осы аймақты дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру үшін өте маңызды. Алматы облысы – еліміздегі ең ірі аймақтың бірі. Бұл өңір Алматы қаласын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан Үкіметке облыс әкімімен бірлесіп, осы мәселелерді пысықтауды тапсырамын, - деп айтты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.