Халықтың 95%-дан астамы цифрлық телехабармен қамтылған

Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін цифрлық эфирлік телерадиохабар таратумен қамту халықтың 95 пайызынан асады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Цифрлық эфирлік телерадиохабар таратуды қамту аясын кеңейту жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін 63 жаңа радиотелевизиялық станция пайдалануға беріледі, бұл цифрлық эфирлік телехабар таратумен қамтуды халықтың 95 пайызынан жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Сонымен қатар мемлекеттік радиохабар тарату желісі де дамып келеді. Аида Балаеваның айтуынша, шекара маңындағы елді мекендерде 120 радиотаратқыш іске қосылуда, ал 2025 жылы телеаудиторияны өлшеу жүйесі кеңейтілді.

Теледидар әлі де медиакеңістіктің маңызды бөлігі болып қала береді, – деп атап өтті вице-премьер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы