Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалақы 50 пайызға өседі – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. 

Өте орынды сұрақ. Біріншіден, биыл олардың жалақысын 50 пайызға көтереміз. Екіншіден, олардың белгілі бір мотивация жүйесі бар. Яғни, call-орталықтың бір қызметкері 100 өтінішті өңдесе, екіншісі -10 өтінішті өңдейді. Күніне 100 өтінішті өңдейтін адам басқаларға қарағанда 50%, тіпті 100% көп алады. Өңделген өтінімдер санына негізделген мотивация жүйесі бар, - деді Мусин. 

Сондай-ақ министр Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында "Яндекс.Такси" сынды жоба жасау Қазақстан үшін неге тиімсіз екенін атап өтті. 

Қазақстан үшін «Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімді болмайды. Жер шарында танымал жоба болуы керек. DIDI деген такси жобасы бізге кірейін деді. Алайда олар кіре алмады. Қытайдың қанша қаражаты болса да, біздің нарыққа кіріп, «Яндекске» төтеп бере алмады. Ол милрд-таған қаражатты талап етеді. Оны мемлекет бөле алмайды ғой. Ол қаржыны венчурлық инвесторлардан тарту керек. Венчурлық инвесторлар дүниежүзі бойынша ондай қызықты жобаларды өздері іздестіреді. Жасанды интеллект, карталар  бойынша жасалып жатқан жаңа жобаларға қаржы құйғысы келеді, - деді Мусин. 

Айта кетейік, Бағдат Мусин жалпы отырыста  «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын таныстырды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы