Кеше 2026, 20:02 Фото: Жалпыұлттық Коалицияның баспасөз қызметі/Әли Ғалым

Халықпен бірге жазылған Конституция: Жалпыұлттық коалиция құрылды

Оған бес жетекші саяси партия мен 300-ден астам қоғамдық ұйым енді.

Бүгін елордада Қазақстанның жетекші қоғамдық-саяси күштері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Оған бес жетекші саяси партия мен 300-ден астам қоғамдық ұйым енді, бұл миллиондаған азаматтың мүддесін білдіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Коалиция отырысында Жаңа Конституция жобасы саяси жүйені қоғамның жаңа талаптарына сай жаңғыртатыны, биліктің барлық тармақтарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететіні айтылды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Конституцияны «халықпен бірге жазылған тарихи құжат» деп сипаттап, оның негізгі байлығы – білімді жас ұрпақ екенін атап өтті.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституцияның елдің инновациялық даму, ғылым мен технологияны меңгеру бағытындағы стратегиялық маңызын жеткізді. Кездесуге саяси партиялар, қоғам қайраткерлері, сарапшылар және мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Коалиция Жаңа Конституция жобасының ашық диалог аясында әзірленгенін, 10 мыңнан астам ұсыныс ескерілгенін атап өтті. Сонымен қатар, Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдауға, мәдениет пен ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған.

Коалиция мүшелері өңірлерде түсіндіру жұмыстарын бастайды, халықпен ашық диалог ұйымдастырады және әр азаматтың дауысын ескеруді қамтамасыз етеді.