Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары белгілі болды

Алматыда математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жеңімпаздарды ресми құттықтау рәсімі алдында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, КеАҚ РФММ директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниев құттықтау сөз сөйледі.

Жас достар, әріптестер, мұғалімдер - бүгінгі Жәутіков атындағы халықаралық олимпиаданың жабылу салтанатымен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын. Қазір сіздер үшін әсерлі сәт, 5 күн бойғы жұмыстың жетістіктеріне қарай марапат тапсырылады. Бірақ меніңше ең бастысы жеңіс емес, бастысы - осындай жарысқа қатысушы болу. Бүгін осы жерде отырғандарыңыздың өзі сіздердің лидерлік қасиеттеріңізді көрсетеді. Және жарыс барысында өмірлік азық болатындай тәжірибе алдыңыздар деп сенемін, - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Айта кеткен жөн, халықаралық қазылар алқасына 7 елдің мамандары қатысты: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ.
Осы жылғы олимпиаданың ерекшелігі — әлемнің мамандандырылған физика-математика мектептері арасында бірден үш пән бойынша өткізілуі болды. Биыл үш жылдық онлайн форматтан кейін олимпиада қайта офлайн форматта ұйымдастырылды.

Олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Түркия, Түрікменстан және Румыния сынды 16 елдерден 700-ге жуық оқушы қатысты.

Гран-при, I, II және III орындарды жеңіп алған команданың барлық мүшелері медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар Нұрлан Қаппаров атындағы қордан математика пәнінен Нұрлан Қаппаров атындағы сыйлықты, физика пәнінен Әділет Имамбеков атындағы сыйлықты және информатика пәнінен Илья Сегалович атындағы сыйлықтарды алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы