Халықаралық Жәутіков олимпиадасы: елордалық оқушылар ел қоржынына 14 медаль салды
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық XXl Жәутіков олимпиадасы да өз мәресіне жетті. Онда Астана қаласының оқушылары 14 медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлемнің 15 елінен 700-ден астам оқушы қатысқан зияткерлік сайыста, қазақстандық оқушылар құрамасы ел қоржынына 116 медаль ( 21 алтын медаль, 33 күміс медаль, 62 қола медаль) салды. Соның ішінде Астана қаласының 8 алтын, 3 күміс, 3 қола иеленді.
Алтын медаль:
1. Бексұлтан Сайлаубай – Дарынды ер балаларға арналған "Білім – Инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
2. Алдияр Сейітбай – Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы
3. Әмір Қиғаш – Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы
4. Марғұлан Шарел – "Спектрум" халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
5. Әмір Пішенбаев -"Спектрум" халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
6. Артур Ким – "Спектрум" халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
7. Владислав Посин – Халықаралық "Спектрум" мектебінің 12-сынып оқушысы;
8. Нұргүл Есенбергенова – "Нұр Орда" мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.
Күміс медаль:
1. Сұлтанәлі Алиасқар – Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
2. Темірлан Макишев – Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
3. Даниэль Түлебаев "Нұр Орда" мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
Қола медаль:
1. Мұхамедәлі Жұмаділ – "Нұр Орда" мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
2. Нұрмырза Байжанов – Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
3. Бейбарыс Мырзаш – Дарынды ер балаларға арналған "Білім- инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.