Халықаралық жасыл технологиялар орталығының басшысы ұсталды

Антикор қызметі Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшысы ұсталғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" басқарма төрағасын ұстады. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, - делінген хабарламада.

Тергеуге қатысты өге ақпарат жария етілмейді. 

Олжас Ағабеков 1984 жылы 30 шілде күні Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-да менеджер лауазымынан бастаған.

Сондай-ақ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «KEGOC» АҚ, Жамбыл облысы әкімінің аппаратында, Жамбыл облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап 2022 жылдың қыркүйегіне дейін – ҚР Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі департаменті директорының орынбасары, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: igtipc.org
Өзгелердің жаңалығы