Халықаралық жаңа бағыт: Алматы-Минск әуе рейсі іске қосылады
10 тамыздан бастап SCAT қазақстандық әуе компаниясы Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Минскіге рейстерді Астана қаласынан Беларусь арасына әуе компаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен орындайды.
Осылайша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің жалпы саны аптасына 6 рейске дейін артады.
ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстерді ұлғайту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады, – деп жазылған комитет хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Өзгелердің жаңалығы