21 Маусым 2023 2023, 09:54

Халықаралық волонтерлер форумына Мемлекет басшысы қатысып жатыр

Астанада Халықаралық волонтерлер форумының екінші күні басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада Халықаралық волонтерлер форумының екінші күні басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумның негізгі мақсаты – волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені халықаралық деңгейде паш ету. Қазақстанның Орталық Азия елдері арасында еріктілер бағытындағы көшбасшысы екенін көрсету.

Форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.

Форумға 34 елден 140-тан аса шетелдік қатысушы келген. Жалпы іс-шарада 400-ге жуық қатысушы болады. Форум 2 күнге созылады.