Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттік байқаушыларды аккредиттеу мәселесі талқыланды
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының 17-ші отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Күн тәртібінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттік байқаушыларды аккредиттеу мәселесі талқыланды.
20 қарашада өтетін ҚР кезектен тыс сайлау барысын бақылау үшін 2022 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау комиссиясы Халықаралық байқау институтын ашқан болатын. Қазақстандағы сайлау туралы Конституциялық заңның 20-бабына сәйкес, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді ОСК Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша жүзеге асырады. Сыртқы істер министрлігі тиісінше халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерге ұсыныс жасаған. Сондай-ақ, екіжақты негізде Орталық Сайлау комиссиясы атынан 28 шет мемлекеттік орталық сайлау органдарына шақыру жіберді. Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясына сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен шет мемлекеттен 43 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды. Атап айтсақ,ТМД-дан – 6, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясынан – 17, Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан - 13, Түркі мемлекеттері ұйымынан – 5, Грузиядан 2 байқаушы аккредиттеуге ұсынылып отыр, - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.