Халықаралық турнирінің күміс жүлдегері Нарбаев Ұлттық ұлан әскерлерінде әскери ант қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда Израильде өткен Grand Slam халықаралық турнирінің күміс жүлдегері қатардағы жауынгер Бауыржан Нарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімінде әскери ант қабылдады.

Жас  ұлттық ұландық  спортшыны 6656 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахпанов құттықтады.

Күміс жүлдегер әр сөзді ықыласпен оқып, қажетті бағанға қол қойды.

Толқу мені басып озды. Алайда мен адаспауға тырыстым және салтанатты анттың бүкіл мәтінін нақты айту нағыз ер адамға сәйкес келеді.Әр азамат Отан алдындағы  әскери борышын өтеу қажет, қорқудың қажеті жоқ. Мен әрқашан Ұлттық ұланда қызмет етуді армандайтынмын, - деп атап өтті қатардағы жауынгер Нарбаев.

Ұлттық ұланының орталық спорт клубы штаттық командасының бас бапкері Нарбаев  әскер спортшысы атағын иеленуге мақтаныш құқығына ие болғанын айтты. 

Кез келген әскери қызметші үшін Ант қабылдау  күні өмір бойы есте қалады. Бауыржан әскер спортшысы атағын иеленуге мақтаныш құқығына ие болды. Оған қазақстандық және әлемдік спорттағы ең биік белестерді тілейміз. Біз оның әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы болатынына сенімдіміз, - деді Ұлттық ұланының орталық спорт клубы штаттық командасының бас бапкері, полковник Сәтжан Әбішев

Бауыржан Нарбаев 23 жаста, Ақтауда дүниеге келген.Спортшы жастар арасында Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа және Азия Кубогының чемпионы. Дзюдодан спорт шебері. Спортпен 10 жыл айналысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы